Жалпы білім беретін #39 орта мектебінде
Заң және тәртіп айлығы аясында мектебімізде “Құқық, тәрбие, жауапкершілік – бала тәрбиесінің үш тірегі” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру, құқықтық сауаттылықты күшейту және жасөспірімдер арасындағы тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Кездесу барысында аумақтық инспектор, полиция капитаны Бердаулетов Бекет Бақтығалиұлы бала құқығы мен міндеттері, ата-ананың заң алдындағы жауапкершілігі, буллинг, бұзақылық, әкімшілік жауаптылық, ұрлық, вандализм тақырыбында түсіндірді.
Мектеп директоры Куанбаева Айман Олжагалиқызы отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы жайлы маңызды мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар жасөспірімдердің ағзасын тексеру, денсаулығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025жылғы 19 желтоқсандағы #1117 қаулысы басшылыққа алынып, наркоскрининг жөнінде ақпарат берілді.
Ата-аналар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарына нақты жауап алды. Осындай бірлескен жұмыстар – саналы, жауапкершілігі жоғары, тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудың кепілі.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#Заң_және_тәртіп

От school