<<EDUCATION FEST>> тақырыбындағы мектеп әкімшілігінің апталығы
«Таланттар» күнімен жалғасып, «Өнер TIME» атты қорытынды кешпен өз мәресіне жетті.
Бұл кеш мектеп ұжымының жадында ұзақ сақталары сөзсіз. Кеш барысында ән шырқалып, оркестр ойналды, көркем сөз оқылып, сахналық қойылымдар мен қызықты ойындар көрермен көңілінен шықты.
Апта аясында жүзеге асқан «Бір апта – бір кітап» жобасы қорытындыланып, мұғалімдер оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен, ой-толғамдарымен бөлісті.
Апталық мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор, ұжымды бірлікке, ынтымақ пен шығармашылыққа үндейтін тағылымды шараларымен ерекшеленді. Үлгі боларлық, есте қаларлық апталық болды.
Қорытынды кеште:
• мектеп директоры Куанбаева. А «Алғыс» әнін орындады;
• тәлімгер Утебалиева .Ж «Шырқа» әнін шырқады;
•қосымша білім беру педагогі Жакупова. Л “Ризамын» әнін орындады;
• бастауыш сыныптардың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баймұханова Ж Мұқағали Мақатаевтың «Шыда, шыда» өлеңін мәнерлеп оқыды;
• педагог-дефектолог Нұрғалиева Ж, А. С. Пушкиннің “Я помню чудное мгновение» өлеңін оқыды.
Сондай-ақ ұжым мүшелері ағаш қасық пен тостағаннан құралған оркестр құрып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
«Мектеп өмірінен» атты сахналық қойылым қойылып,
команда «Алау сезім» әнін орындап, кеш көркін аша түсті.
Бұл кеш — өнер мен ынтымақтың, шығармашылық пен бірліктің жарқын көрінісі болды.

От school