Жалпы білім беретін №39 орта мектепте 11 желтоқсан 2025 жыл күні «Бірге жарқыраймыз» атты қайырымдылық кеші өтті.
Шара әсерлі поэтикалық құттықтаумен ашылып, мектеп директоры Айман Олжагалиевна қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.Ата-аналар мен ұстаздар қауымы белсенділік танытып, кеш мазмұнды әрі әсерлі өтті. Арнайы келген қонақтарымызға сыйлық таратылды, жеке кәсіпкер ИП Мамбетов Айгүл Жолдығалиқызына алғыс білдіреміз.
Әлеуметтік педагог: Альбина Салауатқызы.
#Әлеуметтік_педагог
#Қайырымдылық
#Ана_мен_бала
Жас Ұлан және Парламент ұйымдары бірігіп «Шабыт» жобасы бойынша 3-11 сыныптар аралығында Патриоттық әндер фестивалін өткізді.
Мақсаты: Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
Оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Курмашева, мектеп психологы З.Есенгулова, кәсіби бағдар беру маманы А.Шелтеуова ұжым мүшелеріне “Бір бағыт-бір мақсат-бір команда” тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырды. Мақсаты: Психологиялық атмосфераны жақсарту, мамандыққа байланысты дағдыларды дамыту, команда ретінде тиімді жұмыс жасау, мұғалімдер арасындағы командалық рухты арттыру. Мұғалімдер 3 топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен, шабытпен қызыға орындады. Тимбилдинг атмосферасы- бірлікке, сенімге, жаңа энергияға толы болды. Тимбилдинг соңы “Команда — бұл бірге жүрген адамдар ғана емес, бір мақсат жолында бірге алға қадам басатын жандар” деген ұранмен қорытындыланды.
#Бір_тұтас_тәрбие
#Жас_Ұлан_Ұйымы
#Өзін_Өзі_басқару_ұйымы
#Парламент
#Адал_Азамат
#Шабыт_жобасы