“EDUCATION FEST” тақырыбындағы мектеп әкімшілігінің апталығының 3-күні “Лидерлік” күнге арналып, оқыту семинарлары, семинар- тренингтер өтті.
Мектеп директоры А.Куанбаева жүргізген «Құндылық — жауапкершілік — адам жанының үйлесімі» тақырыбындағы семинар ұжымның кәсіби ойлауын тереңдетіп, ортақ жауапкершілік пен сенім атмосферасын қалыптастырды. «Түйме таңдау» және «Армандар картасы» сияқты практикалық тапсырмалар әр мұғалімнің ішкі дүниесін ашып, жеке мақсаттарын айқындауға мүмкіндік берді. Шара соңындағы бейресми бас қосу ұжымдағы жылулықты арттырып, жаңа мотивация сыйлады.
Оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Калиева 11-сынып оқушыларымен «Жас түлектің жан дүниесі…» тақырыбында семинар-тренинг өткізіп, түлектердің ішкі әлемін түсіну, қажеттіліктерін анықтау және қолдау көрсету жолдарын талқылады. Эмпатия ұғымы түсіндіріліп, «эмпатия картасы» арқылы оқушының ойы, сезімі, әрекеті мен сөздері жан-жақты талданды. Мотивациялық фильмдер ұсынылып, оқушылардан кері байланыс алынды.
Сонымен қатар арнайы педагог Жанна Қайыржановна «Ойын технологиялары мен цифрлық құралдар: ЕББҚ оқушыларды оқытудағы инклюзивті инновация» тақырыбында мұғалімдерге семинар өткізіп, ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыста заманауи әдістерді тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Семинар мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан жаңа серпін беріп, тәжірибеге енгізуге болатын нақты тәсілдермен толықты.
Жалпы апталық іс-шаралары педагогтердің кәсіби дамуын қолдап, ұжымдық бірлік пен рухани үйлесімді күшейтті.
Мектеп директорының ғылыми- әдістемелік жөніндегі орынбасарв Нуркасимова.К
“Авторлық бағдарламаны әзірлеу қадамдары” атты семинар болып өтті.
Мақсаты: Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру, авторлық білім беру бағдарламасын әзірлеу дің кезеңдері мен құрылымдау талаптарын және әдістемелік негіздері мен таныстыру, сонымен қатар қатысушыларға оқу бағдарламасын жоспарлау дағдыларын қалыптастыру.
Авторлық бағдарламаның жасалу қадамдарын, оған қойылатын талаптары, құрылымға сай бағдарлама жазу, сараптамалық кеңеске ұсынылатын материалдардың құжаттар тізімін ережеге сай жасақтау талаптары түсіндірілді.

От school