“EDUCATION FEST” тақырыбындағы мектеп әкімшілігінің 2-күні “ Педагогика” күніне арналып, мектеп директорының орынбасарлары “ Ашық сабақтар” жәрмеңкесін өткізді.
Калиева Айнур Камбаровна 5 “ Г” сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен Ы. Алтынсаринның “ Атымтай жомарт” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқу мақсаты: шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; шығармадағы автор бейнесін анықтау; Сабақ мақсаты: Ы. Алтынсаринның “ Атымтай жомарт” шығармасының тақырыбы мен идеясын анықтай отырып, топтық, жұптық жұмыс арқылы автор бейнесіне баға береді.
Бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысының орынбасары Баймуханова Жанаргүл Тәңірбергенқызы 2”Б” сыныбында Дүниетану пәнінен “Көліктің қандай түрлері бар?” тақырыбында ашық сабақ жүргізді.
Мақсаты:Көлік түрлерін және олардың қажеттілігін ажырату
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Гизатова Базаргүл Гизатовна, Кайырова Асель Утеуишовна 7 «Д»сыныбында химия-биология пәнінен интеграцияланған
дуэт сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы:Жану үдерісі
Оқу мақсаты:
-тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;
-заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну;
Мектеп директорының ғылыми- әдістемелік жөніндегі орынбасары Нуркасимова Какима Магдановна мен қосымша білім беру педагогі Жакупова Ляззат Агидуллаевна интеграцияланған дуэт сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы
«Өнер-таусылмас азық»
Өрмекші мен шыбын
мысал-өлең. Оқу мақсаты:
4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себепсалдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру. Сабақ мақсаты:
Нәсіпбек Айтұлының«Өрмекші мен Шыбын» шығармасындағы оқиға жүйесін анықтай отырып, өңдеу және тұжырым жасау арқылы, әр бөлікке ат қойып жай жоспар құра алады. Өнермен байланыстыра алады.