Жалпы білім беретін #39 мектебінде жаңа тыныс, жаңа серпін әкелген мектеп әкімшілігінің апталығы 2025 ж 08.12 күні салтанатты түрде басталды. Аптаның әр күні мазмұнға толы, тәрбиелік мәні зор жеке бағыттармен өрнектеліп, оқушылар мен ұстаздар қауымына рухани байлық сыйлауды мақсат етеді.
Бүгінгі дүйсенбі — Оқу және мәдениет күні ерекше мазмұнда өтті. Күннің алғашқы шарасы ретінде мектеп директоры А.Куанбаеваның «Шыңдалған ұрпақ» подкасы мектеп Акт залында көпшілік назарына ұсынылды. Подкаста жас ұрпақты табандылыққа, биік мақсаттарға жетелеу мәселелері айтылып, көрерменге ой саларлық құнды пікірлер айтылды.
Одан кейін рухани тәрбиемен ұштасқан «Ыстық ұя» көркем фильмі көрсетіліп, көрермендер ұлттық тәрбие, адамдық пен адалдық арасындағы байланыстардан сыр шертетін оқиғаларға қанықты. Фильм отбасылық құндылық пен ұлттық болмыстың маңызын терең сезіндірді.
Күннің екінші жартысында мектеп кітапханашысы А.Латипованың «Абай әлемі» атты әдеби кеші ұйымдастырылып, оқушыларды қазақ руханиятының шамшырағы -Абай мұрасымен тағы бір мәрте жақындатты. Әдеби кеште көркем оқулар, ойталқы, қара сөздерден үзінділер, ақын өлеңдерінің мәнін ашатын мазмұнды пікірлер ұсынылып, оқушылардың әдеби талғамын арттыра түсті.

От school