Warning: Undefined array key "MigYxI" in /var/www/vhosts/sport-mektebi.kz/shkola-39.edu.kz/wp-content/themes/newsup/inc/ansar/font/font.php on line 1

Warning: Undefined array key "qaQFOS" in /var/www/vhosts/sport-mektebi.kz/shkola-39.edu.kz/wp-content/themes/newsup/inc/ansar/customize/customizer-callback.php on line 1

Warning: Undefined array key "spagey" in /var/www/vhosts/sport-mektebi.kz/shkola-39.edu.kz/wp-content/themes/newsup/inc/ansar/widgets/widgets-base.php on line 1

Warning: Undefined array key "sDPkAQ" in /var/www/vhosts/sport-mektebi.kz/shkola-39.edu.kz/wp-content/languages/themes/newsup-ru_RU.l10n.php on line 1
«Бала қауіпсіздігі — отбасы мен қоғамның ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді — "Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің "Жалпы білім беретін №39 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2026 жылғы 16 сәуір күні Атырау облысы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін #39 мектебінде «Бала қауіпсіздігі — отбасы мен қоғамның ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп директоры А.Куанбаева кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін кеңінен талқылай отырып, ата-аналармен диалог құрды.
Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі (суға шомылу маусымы, терезеден құлау жағдайларының алдын алу, жол-көлік қауіпсіздігі, оның ішінде мопед қолдану мәселесі), жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруіне жол бермеу, сондай-ақ бала еңбегіне қатысты талаптардың сақталуы айтылды.
Аумақтық инспектор, полиция капитаны Бердаулетов Бекет Бақтығалиұлы ата-аналарға буллингтің алдын алу, балалардың көшеде бақылаусыз жүруі туралы заңдылықтарды түсіндірді.
Сонымен қатар «5 минуттық құндылық: қауіпсіз қоғам негізі» жобасы мектебімізде жүзеге асырылып келе жатырғандығы туралы айтып өтті. Ең маңызды мәселе: Мектеп бітіру іс-шараларын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру, мәселелері түсіндірілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті күшейту, қауіпсіздік талаптарын сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар берілді.
#Заңжәнетәртіп


 

От school