🇰🇿 «Ұлы дала ойыны»
Мектебімізде Ұлттық спорт күніне орай «Ұлы дала ойыны» тақырыбында мектепішілік спорттық шара жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында оқушылар ұлттық спорт түрлерінен өз бақтарын сынап, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Атап айтқанда, арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу , бес асық сынды ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар ерекше белсенділік танытты.
Оқушылар мен қызметкерлерге арнап ұлттық тағамдардан наурыз дастарғаны жайлып , наурыз логотипы жапсырылған тіске басарлар таратылды.
Бұл жарыс оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұлттық мұрамызға деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, достық пен бірлікті нығайтып, командалық рухты қалыптастыруға зор ықпал етті. 💪
✨ Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы! Ұлы дала ойындары жасай берсін!
Шара ұйымдастырушылары: Қосымша білім беру педагогы Лаззат Ағидоллақызы және дене шынықтыру пәні бірлестігі👍
#наурызнама

От school