
1-сыныпқа қабылдау 2026-2027 оқу жылы Хабарландыру 2026 жылдың 18 — маусымы мен 31 тамыз аралығында 2026-2027 оқу жылына 1 — сыныпқа құжаттар қабылдау басталатынын хабарлаймыз!
Мектепке құжаттар электрондық үкіметтің https://egov.kz/ веб-порталы арқылы тапсыра алады. Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылады.
Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 30.03.2026 жылғы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес, 1-сыныпқа құжат қабылдау ағымдағы жылдың 18 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Бірінші сыныпқа тіркеу ағымдағы жылдың 18 маусым 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын заңды тұлғалар);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3.Профилактикалық егу картасы (№065-/У) немесе (№063-/У);
4.«Бала денсаулығы паспорты» №052-2/у және (026-/У);
- 3х4 көлеміндегі — 2 дана фото.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар олардың мәртебесін айқындайтын құжаттардың бірін ұсынуы қажет:
Шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты (Вид на жительство);
Азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар — Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар анықтама (шамамен анықтама күні: тамыз айының соңы).
Қызметті онлайн режимде www.egov.kz “электронды үкімет” веб-порталында алу үшін:
Белгіленген нысандағы өтініш:
- 3х4 көлеміндегі фото;
- Профилактикалық егу картасы (№065-/У) немесе (№063-/У);
- «Бала денсаулығы паспорты» №052-2/у және (026-/У);
www.egov.kz “электронды үкімет” веб-порталында қызметті онлайн режимде алу алгоритмі
| 1 қадам | Ата-анаға электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет |
| 2 қадам | https://egov.kz порталын ашу |
| 3 қадам | egov.kz порталында «БІЛІМ» бөліміне кіру |
| 4 қадам | «БІЛІМ» бөлімінен «Орта білім» бөлімшесін таңдау |
| 5 қадам | «1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» қызметін таңдау |
| 6 қадам | «Онлайн сұрау» батырмасын басу |
| 7 қадам | Жеке ЭЦҚ арқылы жеке кабинетке кіру |
| 8 қадам | Тізбеге сәйкес құжаттарды орналастыру |
| 9 қадам | Құжаттарды орналастырғаннан кейін қызметке ЭЦҚ қою |
| 10 қадам: | Құжаттарды қарауға қабылдау туралы хабарлама алу |
| 11 қадам | Бір жұмыс күні ішінде сіздің жеке кабинетіңізге балаңызды мектепке қабылдау туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту жіберіледі |
Интернет желісі арқылы өтініш бере алмайтын ата-аналар үшін мектепте компьютермен жабдықталған “Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы” ұйымдастырылған /өзімен бірге ЭЦҚ болу керек/.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Жұмыс күндері: дүйсенбі — жұма аралығы.
Жұмыс уақыты: 09:00 — 17:00
Жұмыс телефоны: 31-01-74
Мекен-жайымыз:Атырау қ, Г.Муханбедьяров көшесі, 29 қ/а;