#39 орта мектебінде 20 ақпан 2026 жылы Атырау Облыстық әжелер кеңесі «Өнерге баулу» тобының ұйымдастыруымен «Шашулы шашбау» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Мақсаты:жас ұрпаққа ата-бабадан ұлттық қолөнерді насиаттау, дәстүрлі жалғастыру, еңбекке, өнерге баулу.
Шеберлік сағаты қолөнердің 6 бағыты бойынша қамтылды. Бұл шеберлік сағаты ұлттық өнерді ұлықтап, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы өте зор.Шеберлік сағаты барысында әжелер оқушыларға қазақтың қолөнер түрлерімен тәжірибе көрсетіп, таныстырды.Оқушылар белсенді қатысып, ұлттық өнерге деген қызығушылықтары артты.Әжелер кеңесінің төрайымы Сұлтанова Күнсұлу Мұхтар қызы шеберлік сағатына қатысып жатырған әжелерге сәттілік тілеп, мектеп директорына «Алғыс хат» табыстады.
Ұлттық өнерді жас ұрпаққа дәріптеп жүрген әжелерімізге мектеп директоры А.Қуанбаева жылы лебізін арнап алғыс білдірді.Дана халқымыздың рухани темірқазығы болған Абай Құнанбайұлы «Ұлттың ұлы болуы – оның жерімен емес, елімен өлшенеді» деген тағылымды ой қалдырды.
#Облыстықәжелеркеңесі
#біртұтас_тәрбие









