Бүгін, яғни 12 қаңтар күні 7 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Ақнұр апайдың жетекшілігімен «Қамқор» жобасы аясында әлеуметтік осал топ санатына жататын екі отбасыға азық-түлік жеткізіп, қолдау білдірді.
Бұл игі іс – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа және адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі деп білеміз. Осындай қайырымды істерді үнемі ұйымдастырып, шәкірттеріне үлгі болып жүрген Ақнұр Жарқынбекқызына алғысым шексіз. Ақнұр апайдың жүрегінің кең, ниетінің аппақ екені әр ісінен байқалады. Жасаған жақсылығыңызды Алла өзіңізге еселеп қайтарсын! Балапандарыңыздың қызығын көріп, отбасыңыз аман, шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын.
Сыныбыңызбен бірге жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын! «Қамқор» жобасы аясындағы осындай игі бастаманы басқа сыныптар да жалғастырады деген сенімдемін.

Әлеуметтік педагог: А.Шутирова
Сынып жетекші:Ақнұр Жарқынбекқызы

От school