⚜2025-2026 оқу жылының «Білім күні» мерекесі қарсаңында жалпы білім беретін #39 орта мектебінде «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында 1-сынып оқушыларына арналған салтанатты шара өтті. ⚜Жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерді қарсы алумен бастап, білім алушылардың патриотизм,еңбекқорлық, құрмет пен сыйластық құндылықтарын дарыту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына құрмет көрсетіліп, Гимн шырқалды.?? Шара барысы мектеп директоры Куанбаева Айман Олжагалиевна өткен оқу жылының табысты нәтижесі туралы және құттықтау тілегімен жалғасын тапты.
Шараға ҚР-сының спорт шебері,әлем кубогының иегері,бокстан жаттықтырушы Асет Мейірлан мырза қонақ болып,бүлдіршіндерді білім күнімен құттықтады.
⚜Жаңа оқу жылында «Адал азамат»⚜ біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылықтарды дәріптеуге арналған тәрбиелік шағын қойылым қойып, шараға жиналған ата-аналар бүлдіршіндердің өнерін қуанышпен тамашалады.⚜ #Mektebim_meirim_mekeni
#bilim_kuni
#Біртұтас_тәрбие_Атырау

От